Мәртебелі Батырларға!!!

17.10.2024

Ұлы Отан соғысының батыры, «Халық қаһарманы» Рахимжан Кошкарбаевқа биыл 100 жылдық мерейтойы. Бұл күнді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, халқымыздың көрнекті тарихи тұлғаларын құрметтеу жалпыұлттық бірегейлікті нығайту тұрғысынан пайдалы болады. «Жеңіс Шегі: Рақымжан Қошқарбаевтың ұмытылмас ерлігі» тақырыбындағы ерлік сабағы осы күнге арналып, Ж.Кизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде өткізілді. Студенттер батырдың әскери өмір жолын, туған-туыстары мен жақындарының, серіктестерімен соғыс жолдастарының естеліктері туралы кең көлемді материал ұсынды. 30.04.1945 жылы лейтенант Р.Қошқарбаев пен қызыл әскер Г.Болатовтың Рейхстаг ғимаратында туды бірінші болып салғаны туралы тарихи фактіні растайтын бейнематериал, сондай-ақ Ресей әскери тарихы мұрағатының ресми анықтамасынан үзінді ұсынылды. Бұл факт ұзақ уақыт бойы ресми деңгейде танылмаған. Дегенмен, бұл Ұлы Отан соғысының тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Оның ерлігі миллиондаған адамдарға шабыт беріп, халықтың жадында мәңгілікке сақталады. Біздің сарбаздарымыздың ерлігіне уақытқа бағынбайды, олардың ерліктері халықтың жадынан мәңгі өшпейді. Біздің Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін естен шығармай, жастарға батыр туралы айтып жеткізуіміз керек.



Текст
Виртуальная приемная